Жаңалықтар
Махамбет ауданында мұнайға ұқсас сұйықтық ағып жатқан аумақ қоршалды
Бұл туралы облыстық экология департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мұнай төгілген Махамбет ауданындағы Есбол ауылдық округінен 40 шақырым қашықтықта анықталған.
«Махамбет ауданына қарасты Сары Өскембай учаскесіндегі К-3 крелиустік ұңғымадан май ағып жатқан аумағы толықтай қоршалды. Алдағы уақытта атқарылар жұмыстың бәрі департамент қызметкерлерінің бақылауында болады», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.