Жарнама
Жаңалықтар

Махамбет ауданында 2021-2022 жылдары 17 344 гектар жер учаскесі мемлекетке кері қайтарылды

Бұл туралы Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ауданның жалпы жер көлемі 954 573 гектар. Оның ішінде осы жылдың жер балансына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатында 265 635 мың гектар. Мұндағы 37 500 гектар жер жеке меншік болса, 228 135 гектары уақытша пайдаланымда.

-Бүгінге дейін барлық ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге игерілгендігі немесе игерілмегендігі туралы мониторинг жүргізіліп келеді. Мониторинг нәтижесіне сәйкес игерілмеген 34 446 гектарды құрайтын 118 жер учаскесі анықталды. Анықталған меншік иелерімен жеке-жеке сөйлесу нәтижесінде 9 514 гектарды құрайтын 20 меншік иесі бірдейлендіру дерек қорына ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеп, игере бастады.
ҚР Жер кодексіне өзгерістер енгізіліп, игерілмеген жер учаскелерді мемлекет тарапына қайтару жұмыстары Атырау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті болып қайта құрылған мекемеге берілуіне байланысты қалған игерілмеген жер учаскелердің тізімі мемлекет тарапына кері қайтару үшін жолданды. Аталған мекеме бүгінде 4384 гектарды құрайтын 24 шаруашылықтың меншік иелеріне тексеру жұмыстарын бастады. Бұдан бөлек, бөлім тарапынан игермей отырған жер учаскелердің меншік иелеріне түсіндірме жұмысын жүргізу нәтижесінде 2021-2022 жылдары барлығы 17 344 гектар жер учаскесі мемлекет тарапына кері қайтарылды. Бұл жұмыстар одар әрі жалғасатын болады,- деді Қ.Нұрлыбаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button