Жаңалықтар
МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР МӘНІСІ
Айта кететін бір жай, Атырау политехникалық колледжіне Саламат Мұқашевтың, Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансеріне Жігер Кариннің есімі берілетін болды. Депутаттар бірауыздан қабылдаған бұл ұсыныстарды Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Қилымғали Қайненов жеткізді.
Қаралған мәселелер бойынша өз ұсыныстары мен көзқарасын білдіріп отырған облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің сөзінен белгілі болғанындай, заңсыз берілген жерлер мен құжаты жоқ үйлердің көп болуы қаланың бас жоспарының болмауымен де байланысты көрінеді. Бүгінде қаланың және барлық аудандардың бас жоспары жасалып жатыр.
Екі сағатқа созылған сессиядағы мәселелер жөнінде толығырақ газеттің келесі санынан оқи аласыздар.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА.