Токио Олимпиадасы: Елдос Сметов Қазақстанға алғашқы медаль әкелді

54512a7894449d53c92d2c5b75d835da Жаңалықтар

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов 2020 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстанға алғашқы қола медаль әкелді.

Елдос Сметов нидерландылық Торнике Цакаджоені жеңді. Осылайша Сметов Токиода өткен ойындарда Қазақстан қоржынына алғашқы медаль салды. 

Еске салайық, 60 келі салмақта белдескен Елдос Сметов жартылай финалда үш дүркін әлем чемпионы, жапониялық Наохиса Такатомен кездесіп, есе жіберіп алған болатын. 

Ал ширек финалда Сметов Оңтүстік Корея намысын қорғаған Ким Вон Джунмен жекпе-жекке шықты. Белдесу барысында спортшы алдымен «ваззари», кейін «иппон» ұпайын еншілеп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз