Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Мақаттықтар Индерге неге егін салады? (ФОТО)

Мақаттықтар Индерде көкөніс өсіріп, ауыл тұрғындарының сұранысын қамтып отыр.

Iyq5qUFgopQ

Аудан әкімі Берікқали Сәрсенғалиев мұнайлы өңірдің жер жағдайы құрғақ, ауыл шаруашылығына қолайсыздығын ескеріп, өткен жылы Индер ауданы әкімдігімен келісім жасап, тәжірибе алмасу мақсатында өндірісті аудан азаматтарының ауыл шаруашылығы өнімін шығаруға ынтасын оятар ұсыныс-жобаларын қолға алды.

VwsjTnWP8Os

Осыған орай халықты табиғи, сапалы өніммен қамтамасыз ету және қолжетімді баға тұрақтылығын қалыптастыру мақсатында көршілес Индер ауданының Жарсуат ауылынан 70 гектар жер телімін рәсімдеген болатын. Биыл ауданнан «Ақмарал» шаруа қожалығы құрылып, сол жердің 17 гектарына егін салды. Топырағын құнарландырып, жерін тыңайтқан аймақтың 10 гектарына қауын мен қарбыз, 4 гектарына қияр мен қызанақ, 3 гектарына картоп өсіріп, өнімін жинауда. Қазіргі таңда 10 адамды жұмыспен қамтып отырған қожалықта бақша дақылдарының бітік шығуы қуантуда.

gmu2KGAMeRc

Ауданда әр аптаның бейсенбісінде тұрақты ұйымдастырылып келетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде енді «Мақаттық өнімдер» де орын алды.

uH_9mjcHSHk

Өткен аптада аудан орталығындағы жәрмеңкеге 8 тонна қарбыз, 2 тонна қауын тасымалданып, тұтынушылар сұранысын қамтыды.

Лена НҰРБАЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button