ЖаңалықтарҚоғам
Мақаттық муайтайшылар мерейі
МАҚАТ. Доссордағы «Алан» муайтай клубының спортшылары ересектер арасында Алматыда өткен Қазақстан чемпионатынан олжалы оралды.
Еліміздің барлық өңірлерінен 120 спортшы қатысқан байрақты бәсекеде мақаттық Әбіл Ғалиев, Еламан Саясатов, Ищан Ғалиевтар өз салмақ дәрежелері бойынша қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтып, Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Муайтайшы жігіттерді енді мамыр айында Беларусь астанасы – Минск қаласында өтетін Әлем кубогі сайысы күтіп тұр.
Бақытжан ЖҰМАТ.