Жарнама
БілімЖаңалықтарҚоғам

Мақаттық кәсіпкерлер аянып қалмады

Елімізде жаңадан бағыт алған бағдарламалар мен республикалық маңызы бар шаралар елдің әлеуметтік қамтылуына басты назар аударылып келеді. Осындай оңды істердің бірі соңғы жылдары оқу жылының басталуы қарсаңында өтетін «Мектепке жол» акциясы көп оқушының мерейін тасытуда.

168897_1471426087

Мақат ауданындағы №2 бастауыш мектебінде де жылда дәстүрлі түрде аталып өтетін «Мектепке жол» акциясы нәтижесіз емес. Оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз етіп, мектептегі әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларды анықтап, балаларға көмек көрсетуді мақсат тұтқан акцияға жергілікті кәсіпкерлер мен мекеме ұжымдары көптеп тартылуда.

Қайырымды істің қасынан табылған НКОК компаниясы мектебіміздің 10 оқушысына, ауданымыздың мешіт имамы 5 оқушыға, «Нұр Отан» партиясы 1 оқушыға мектеп формасымен оқу құралдарын алып беріп, қуантты.

Сонымен қатар, ауданымыздың жеке кәсіпкерлері – С.Баукешова 3 оқушыға 53000 теңге көлемінде, А.Қайнарбаева 2 оқушыға 8000 теңгеге мектеп сөмкесі мен оқу құралдарын, Г.Қазиева 1 оқушыға 10000 теңгеге, Д.Бисалиева 1 оқушыға 11000 теңге көлемінде, Д.Кабдулиев 1 оқушыға 22000 теңгеге мектеп формаларын, спорттық киімдер, аяқ киімдер, сумкалар және оқу құралдарымен қамтамасыз етті.

Сондай-ақ, Ұ.Жүгінісова 2 оқушыға 30000 теңге көлемінде, «Даурен» ЖК 1 оқушыға 20000 теңге көлемінде оқуға қажетті құралдарын алуға қаржылай көмек берді. Сонымен бірге, мектеп ұстаздары да 2 оқушыға 23200 теңгеге мектеп формаларын алып берді.

Биылғы оқу жылында «G-Group Education» оқу орталығының иесі, жеке кәсіпкер Б.Қуанышов ағылшын тілінен аз қамтылған отбасыларының 3 оқушысын 9 ай тегін оқытуға көмек қолын созды.

Акция аясында оқушыларымызғақол ұшын берген ауданымыздың жеке кәсіпкерлеріне мектеп ұжымы және ата-аналар шексіз риза. Акция әлі де жалғасын табуда.

Нұргүл ЖАНЖІГІТҚЫЗЫ,

№2 бастауыш мектебінің әлеуметтік педагогі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button