Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Мақаштықтар «қорқынышты» көпірден құтылды (ФОТО)

Мақаш ауылдық округінің тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Конституция күніне орай Иманов ауылы мен округ орталығы Алға ауылын байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірі пайдалануға берілді. Көпір Көнеу өзенінің үстіне салынған, ұзындығы 144, ені 2,5 метр. Жаңа көпірдің екі жағында да 25 метрлік мүгедектерге арналған пандус бар. Үстіне жарық шамдары орнатылған. Құрылысын жүргізген мердігер мекеме “Каспиан Контракшн Трейд” ЖШС. Жаяу жүргіншілер көпірінің алды түрлі-түсті шарлармен көмкеріліпті.

21199630_519881851737714_3366265279179744355_o

Шараға жиналған тұрғындардың қайсысымен сөйлессеңіз де қуанышты екенін жасырмайды. Айтуларынша осы жерде алғаш рет 1965 жылы ағаш көпір салынған көрінеді. Кейін ол құлап қалған. Одан соң жүзбелі көпір пайдаланылыпты. Оның да тиімділігі шамалы болған соң, көпір керек екендігін айтқан тұрғындар біраз билік орындарының есігінен сығалап, талай табалдырықты тоздырған. Ақыры, 2003 жылы сол кездегі аудан әкімінің қолдауымен, тұрғындардың жинаған қаражатына темір көпір орнатылыпты. Ол бүгінде бір жағына қисайып тұр. Сол көпірмен арғы бетке өттік. Ені тар, бір адам ғана жүретін етіп жасалған екен. Үстімен қозғалғанда шынында да қорқынышты. Жоғары жағында темір жақтауы бар, бірақ оның төменгі жағы түгелдей ашық. Жауын-шашынды, мұздақты күндері аяғың тайып кетсе тіреп қалар ештеңе жоқ, бірден суға қарай тоңқалаң асасың. Кей жерлерінде еденіне төсеген тақтайларының арасы үңірейіп жатқан.

21200469_519882081737691_7034319299231630621_o

Жаңа көпірдің ашылу салтанатында аудан әкімі Бибоз Шаяхметов тұрғындарды Ата Заңымыздың мерекесімен құттықтап, облыс әкімдігінің дер мезгілінде бөлген қаражатымен биылғы жылға жоспарланған жұмыс бітіп, жаңа көпір елдің игілігіне тапсырылғалы тұрғанын жеткізді.

21200765_519881511737748_5248068970050171316_o

21199345_519881735071059_8352016757034269838_o

21125781_519881588404407_4597525946135059168_o

Қанат ҒҰМАРОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button