Мұз астына түсіп кеткен 4 бала құтқарылды

NZtwFopYMl8 Жаңалықтар

Атырау облысында құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен 4 баланы ажалдан аман алып қалды.

NZtwFopYMl8

«16 наурызда Құрманғазы ауданы аумағында Шора өзенінде 4 бала мұз астына түсіп кетті деген хабар түсті. Қайғылы оқиға балалардың тентектігі салдарынан болған. Мектеп оқушылары (үш бала мен 1 қыз) өзеннің қарсы бетіне шығып, мұз үстінде ойнаған. Кенеттен  мұз ойылып балалардың бірі батып кеткен, артынша қалғандары да ойыққа түсіп етті, – делінген Батыс өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағының ВКонтакте желісіндегі хабарламасында.

Батыс өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағы  Құрманғазы аудандық құтқарушыларының және Құрманғазы ауданы ТЖБ мамандарының арқасында балалар ажалдан аман қалды.

Хорлан СМАДИЯР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз