ЖаңалықтарҚоғам
Мұз астына түсіп кеткен 4 бала құтқарылды
Атырау облысында құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен 4 баланы ажалдан аман алып қалды.
«16 наурызда Құрманғазы ауданы аумағында Шора өзенінде 4 бала мұз астына түсіп кетті деген хабар түсті. Қайғылы оқиға балалардың тентектігі салдарынан болған. Мектеп оқушылары (үш бала мен 1 қыз) өзеннің қарсы бетіне шығып, мұз үстінде ойнаған. Кенеттен мұз ойылып балалардың бірі батып кеткен, артынша қалғандары да ойыққа түсіп етті, — делінген Батыс өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағының ВКонтакте желісіндегі хабарламасында.
Батыс өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағы Құрманғазы аудандық құтқарушыларының және Құрманғазы ауданы ТЖБ мамандарының арқасында балалар ажалдан аман қалды.
Хорлан СМАДИЯР