ЖаңалықтарШаһар шырайыЭкология
Мұнайлы өңірдегі сенбілікте 65 тонна қоқыс жиналды
Атырау қаласындағы сенбілікке 9 мыңға жуық тұрғын қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Екі айлық санитарлық тазалау акциясы аясында өткен сенбілікке 631 нысан және 63 техника жұмылдырылған. Ал, тазалауға қатысқан 8905 адамның 594-і оқушы болса, 319-ы «Арнаулыавтобаза» ЖШС қызметкері.
«Атап айтқанда, Самал және Жұмыскер шағын ауданы қоқыстардан толығымен тазаланды. Болашақта санитарлық нормалар мен ережелерді сақтамаған азаматтарға әкімшілік шара қолданамыз», – дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаев.
Айта кетейік, акция 15 қыркүйекте басталған. Ол қараша айының ортасына дейін созылады.