147589

COVID-19: Үзілмеген үміт

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар СарапTime

Atr.kz/23 қазан, 2020 жыл. Карантин режиміне сәйкес шектеу шараларына құлақ аспай, той-томалақ, садақа, басқа да адам көп шоғырланатын орындарға барып, ақырында, «ойнақтаған от басадының» кебін кигеніміз рас. Мамырдың аяғы, маусым, шілде айларында елде өте қиын ахуал орын алды. Ауруханаларға сыймаған науқастар үшін провизорлық орталықтар жасақталды. Осындай сындарлы сәтте ерен еңбек үлгісін көрсеткен жас маман, Алматы қаласындағы теміржол ауруханасында инфекционист-дәрігер қызметін атқарған С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің резидент-дәрігері Назерке Әбуғалиевамен сұхбаттасудың сәті түскен еді.

24 сағат бойы ауруханада…

– Назерке Серікқызы, ең бір қауіпті кезеңде науқастардың жанынан табылып, Гиппократ антына адалдығыңызды ж а н к е ш т і е ң б е к п е н дəлелдегеніңізді əлеуметтік желі арқылы білген едік. Сол бір қиын күндерді еске түсіріп көрсек.

– Елде қалыптасқан қиын жағдайға байланысты Алматы теміржол ауруханасын 160 кереуеттік инфекциялық аурухана етіп ашқан болатын. Кейбіріміз оқуды жаңа бітірген, енді біріміз резидентурада оқып жүрген, жаңа келген жас мамандар едік. Зертханалық талдау жасайтын құрал-жабдықтар, заманауи аппараттар басында жетіспегені де шындық. Кейіннен аурухана директоры жас мамандардан құралған команданың нəтижелі жұмысын көргеннен кейін барлық құралжабдықтарды алдыртты. Алғашында, əрине, қиын болды. Бірақ, командамыз өте күшті еді. Бəріміз де медициналық құрам жетіспегендіктен, қолымызда заманауи құрал-жабдықтар болмаса да түнгі ауысымға сұранып қалып, науқастардың жанында болуға ұмтылдық.

Ауруханада 24 сағат бойы жүретінбіз. Ауыр жағдайда, ентігіп, ауа жетпей, кішкене қимылдаса демалысы ауырлап жатқан сырқаттардың көбі сауығып, аман-есен үйлеріне оралды. Аталған ауруханада қызмет еткен жас дəрігерлер көп тəжірибе жинақтадық. Жас болсақ та, сол бір ауыртпалықты жеңіп шықтық. Алматы теміржол ауруханасының директоры «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Əлбетте, ол кісінің жасаған жұмысының қасында бұл марапат түк те емес. Ең бастысы, төккен тер текке кетпейді екен. Соны түсіндік.

Қанипа әже және басқалары…

– Еңбек жолын пандемияға қарсы күреспен бастаған екенсіз. Иə, мамыр айының аяғы, маусым, шілде айларында Қазақстанда жағдай өте қиын болды. Есіңізде ерекше қалған науқастар болды ма? Instagram, Facebook желілерінен үлкен кісілердің алғысын оқыған болатынбыз. Оның ішінде Сіздің де аты-жөніңіз аталған еді. Əлде мен қателесіп отырмын ба?

– Қателескен жоқсыз. Бүгінде əлеуметтік желіден ешнəрсенің тыс қалмайтынын сезіндік. Əрбір науқастың өмірі дəрігер үшін өте қымбат. Менің қарауымдағы сырқат жандардың ішінде 93 жастағы Қанипа əже мен ол кісінің қызы Қарлығаш Мақатова апайдың жағдайы өте қиын еді. Ол кісілер өнер адамдары екен, өте əсершіл жəне дəрігерлерге сенбейді екен.

«Жасы үлкен кісілерге дəрігерлер көмектеспейді, олар тек жастарды ғана емдейді» деген қауесетке сенгендіктен, алғашында екпе алудан, дəрі-дəрмек қабылдаудан бас тартты. Əжей – аштықты бастан кешіріпті, балалар үйінде өскен, майдангер. Қанипа əжені өкпені жасанды желдету аппаратына қосуға тура келді. Сол кезде үмітін үзуге шақ қалып, еңіреп жылаған Қарлығаш апайды жас балаша жұбатқанымды жасырмаймын. Екпе егуге, дəрі беруге де қарсылықтар болды. Екпенің пайдасы, дəрі қабылдаудың тиімділігі туралы жандарына келіп, егжейтегжейлі түсіндіруге тура келді. Өз жағдайы қиын бола тұра, анасының жағдайына алаңдаған перзенттік сезімін де түсініп, үнемі жандарынан кетпедім.

Иə, тəулік бойы тікемізден тік тұрдық. Бірақ, бұл – өмір мен өлім арпалысы. Дəрігер үшін əрбір секунд алтынмен парапар. Сол уақытты тиімді пайдалана алғанда ғана науқасты өлімнен арашалауға сенім бар. Кейіннен ол кісілер сауығып, үйлеріне шықты. Сондағы қуанышымды сөзбен айтып, жеткізе алмаймын. Əрбір науқасты аман-сау үйлеріне шығарып салып тұрып, көзімізге жас алдық. Бұл – қуаныштың, жеңістің жасы еді.

Дәрігерлер де ауырады…

– Назерке Серікқызы, вирус адам таңдамайтынын білеміз. Өзіңіз емдеген науқастардың ішінде дəрігерлер де болған шығар…? – Өздері адам жанының арашашысы саналатын ақ халатты абзал жандардың кереуетке таңылғанын көру өте қиын. Бірақ, шындығында, вирустан сақтанбаса, ол ешкімді аямайды. Мен емдеген сырқат жандардың арасында əріптестеріміз көп болды. Мəселен, Алматы қаласындағы ауруханаларда ұзақ жылдар бойы невропатолог болып қызмет еткен Нұрбибі Жақауова апай ауруханаға өте қиын халде жеткізілді.

Күндізтүні бақылап, дəрі-дəрмекті сауатты таңдап, уақытылы берген емнің арқасында тəжтажал тойтарылды. Ол кісі тек бір ғана мысал ғой, қаншама адамдар сырқаттан айығып, жанұяға ораларда бізге алғысын көз жас- тарымен білдіретін. Ауруханада қызмет ететін дəрігерлердің, орта буын қызметкерлері мен т а з а л ы қ ш ы л а рд ы ң , ж а л п ы барлық қызметкерлердің өз ісіне жауапкершілікпен қарауының нəтижесі еді бұл.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

prararppr

*Оқырман ойы

Шектеу шараларын өзімізден бастайық!

Ширек ғасырдан астам жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тəрбие беріп жүрген ұстазбын. Елімізде төтенше жағдай жарияланған кезде оқушыларымызды қашықтан оқыту форматында оқыттық. Иə, ауру айтып келмейтіні рас екен. Карантин шаралары сəл жұмсара бастаған сəтте пандемия өрті лап етті. Сол кезеңде мен де ауырып, Махамбет аудандық ауруханасында ем алдым. Ауырып, хал үстінде жатқанымда бүкіл өмірім көз алдымнан өтіп, аса қиналғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Мемлекет басшысы биылғы халыққа Жолдауында денсаулық сақтау саласында жаңа бетбұрыстар жасалатыны туралы айтты. Мен бұған қуаныштымын. Өйткені, жазда өмір мен өлімнің ортасында жатқан кезімізде ақ халатты абзал жандардың жанкешті еңбегінің арқасында сауығып, отбасымызбен қауышқанымыз шындық.

Облыста дəрігер кадрлардың жетпейтініне қарамастан, аудан ауруханаларын білікті дəрігерлермен, мейірбике, басқа да қызметкерл ермен қамтыған жергілікті ресми билікке алғысымыз мол. Өз басымнан өткізгендіктен, коронавирустың бар екеніне, оның ғаламшарымызды торлап тұрғанына күмəн келтіре алмаймын. Бұл жерде тек жеке бас гигиенасын сақтап, тазалық шараларын күшейтіп, бетперде тағып, кісі көп жиналған жерлерге бармағанда ғана отбасы мүшелерін, өзімізді аман сақтап қала алатынымыз даусыз.

Əділжан ШАЕДЕНОВ,

Сарайшық орта мектебінің алғашқы əскери дайындық пəні мұғалімі Махамбет ауданы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған