МҰНАЙШЫЛАР БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Облыс әкімінің есепті баяндамасында айтылғанындай, өткен жылы өңірде 32,2 млн. тонна мұнай өндірілген. Сонымен қатар, 14,4 млрд. текше метр ілеспе газ алынған. Демек, алдыңғы жылмен салыстырғанда біраз өсім бар. Міне, осы толағай табысқа мұнайшылар да сүбелі үлес қосты.

 

Турасын айту керек, «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы негізінен байырғы кен  орындарында еңбек етуде. Олардың кейбірінің іске қосылғанына жарты ғасырдан да аса уақыт өтті. Бірақ, әлі өнім алып келеміз. Жай ғана «қара алтын» өндіру емес, оның көлемін жыл санап арттыру шаралары да жүзеге асуда. Бұл ретте мамандарымыздың өндіріске озат техника мен озық технологияны барынша кеңінен енгізіп жатқандығын айтқан абзал.

Алдағы уақытта перспективалы алаңдарды іздестіріп, оларда бұрғылау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Мемлекет басшысының өзі біраз жылдан бері жеткілікті көңіл бөлінбеген геология саласына баса назар аударып отыр. Оның деңгейін көтеріп, дәрежесін өсіру үшін келешекте геологияға қатысты агенттік немесе министрлік құруды міндеттеді. Мұндай жағдайда мұнайшыларға мол өнім беретін кеніштерді тапсыру да жақсармақ.

Ембіліктер «қара алтын» құрамындағы ілеспе газды тиімді пайдалану бағытында өткен жылы Қызылқоға және Исатай аудандарында екі маңызды жобаны жүзеге асырды.

   Айболат ҒАБДУЛЛИН,
«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы бас директорының бірінші орынбасары.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз