Жаңалықтар
МҰНАЙШЫҒА – ҚҰРМЕТ
Ұзақ жылдар бойы мұнай-газ саласында талмай тер төгіп келе жатқан жерлесіміз еңбек жолын қарапайым инженерден бастап, кезінде «Ембімұнайгаз» өндірістік бірлестігі бас директорының орынбасары, партия комитетінің хатшысы сынды лауазымдарды атқарған. Ал, ел тәуелсіздігінің алғашқы таңдарында нарықтық қатынастардың заңдылықтарына орай жеке өндіріс ошағын ашып, дербес мұнай өндіруді қолға алды. Бүгінде Мақат пен Жылыой аудандарында кен орындарын сәтті игеруде.
Міне, осы еселі еңбектерін атап өткен Жылыой ауданының әкімі Мақсым Ізбасов майталман мұнайшы Мағауия Шырдабаевқа лайықты марапатын тапсырып, оған зор денсаулық, жемісті жұмыс тіледі.
Меңдібай ЕЛЕМЕСҰЛЫ.