Жарнама
БілімЖаңалықтарСаясатШаһар шырайы

«Мәңгілік ел» мектептен басталды

Атырау қаласындағы химиябиология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мәңгілік ел» тақырыбында айлық басталды.  16 қараша мен 16 желтоқсан аралығында жас зияткерлер туған елге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін оқу мен ғылымдағы, өнердегі жетістіктері арқылы паш ететін болады.

%d0%bc%d3%99%d2%a3%d0%b3%d1%96%d0%bb%d1%96%d0%ba-%d0%b5%d0%bb

Айлықтың ашылу салтанатында мектеп басшысы Айдарбек Айтпөкешев егемен елдің  жастарына арнап сөз сөйледі.

—  Бүгінгі жастар бақытты. Өйткені, олар егемен елде дүниеге келді. Ешкімге жалтақтамай, өз ана тіліне, салт-дәстүріне, тарихына құрметпен қарайтын ұрпақ өсіп келе жатқандығы қуантады. Сондай-ақ, әлемдегі барлық жақсылықты бойына сіңіруге ұмтылған  жастарымыз  көп. Азаттықтың оңайлықпен келмегендігін,  ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы екенін ол ұрпақ жақсы біледі. Мемлекетімізді «Мәңгілік ел» ететін де солар. Біз жастарға сенеміз, — деді Айдарбек Төлепұлы.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрзила Сәрсенова тәуелсіздік алған жылдардан бастап еліміздің білім, ғылым саласында елеулі өзгерістер орын алып, жаңа кезең басталғанын айтты.

Шараның маңызды бөлігінің бірі болған атасы мен немересінің жарасқан әңгімесі де көпшілікті бейжай қалдырмады. Оқушылар мың бұрала билеп, күмбірлеген күй мен әуелеген әнді де нақышына келтіріп орындады.

Еліміздің  айбынды  әскерлерін көрсеткен «Жас сарбаздар» тобының алуан түрлі көріністері де сәтті шықты.

Осындай  шаралар білім  ордасында  келесі айдың ортасына дейін жалғасады. Ал, Тұңғыш Президент күніне орай облыстағы барлық дарынды оқушылар аталмыш оқу орнына  жиналып, зияткерлермен бірге білімдерін сынайды. Түрлі байқаулар мен ойындарға қатыспақ. Сондай-ақ, мектептің жанынан құрылған оқушылар театры көрермендер назарына драматург Иран-Ғайыптың пьесасы бойынша «Махамбет» қойылымын ұсынбақ.

Суретті түсірген:

Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Нұргүл Ысмағұлова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button