МҮГЕДЕК АНАЛАР АЛҒЫСЫ
Басым бөлігі мемлекеттен берілетін жиырма мың теңге көлеміндегі жәрдемақымен күн көріп отырған мүмкіндігі шектеулі, жұмысқа қабілетсіз жандардың мұң-мұқтажын ескеріп, қолұшын созған осындай ізгі жанға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Қоғамның елу мүшесіне ет тағамдарын ұсынған Талғат Сахабиденұлы тіпті мекен-жайлары бойынша әр адамның үйіне жеткізіп берді. Қоғамдық ұйым мүшелерінің қатарында жүріп-тұруы қиын, түрлі сырқатпен ауыратын аналардың бар екенін ескерсек, кәсіпкердің бұл қадамы тіптен тамаша болды.
Күтпеген сыйға кенелген мүгедек жандар да бұндай мәрттікке разы болып, аналық ақ баталарын берді. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын демекші, мұндай жомарттық пен қамқорлық жасау кез-келгеннің қолынан келмесі анық. Мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсартуға қашан да баса назар аударып жүретін Т.Бекенов мырзаның осындай ізгілікті істері өзгелерге де үлгі болса екен деген шынайы тілегіміз бар.
Қуаныштары қойнына сыймаған қоғамымыздың мүшелері Айман Сарбаева, Елена Мақышева, Қымбат Қайырқұлова, Сәуле Аманова, Гүлназ Болатова сынды аналардың бір тобы барша ұйым мүшелерінің атынан сауапты іс жасаған Талғат мырзаға тек жақсылық тілейді.
Бақтылы АХМЕТОВА,
ІІ топ мүгедегі,
«Ана шуағы» ұйымының мүшесі.