Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Мүфтият садақа мәзірін ұсынды

Мүфтият дүниеден өту, жерлеу, ас беру дәстүрлеріне негізделген пәтуаны ел арасында жүзеге асыруға шақырып отыр. Оның негізгі шарты – қарапайымдылық.    «Бұл туралы Шымкентте болып өткен «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» атты форумда кеңінен айтылды» дейді Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров.

kazakhstan

Салт-дәстүрлерімізді жаңғырту, жалпы дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланған форумда үндеу қабылдаған қатысушылар, ең алдымен, құдайы ас (садақа) дастарханы барынша қарапайым болуы қажет деген пікірде.  «Бұл — ысырапшылықтың алдын алудың бір жолы. Қазақ «өлім бардың малын шашады, жоқтың артын ашады» деп артық шығынды сынаған, еңбекпен тапқан жиған-тергенді тек игілікті іске жаратуды қолдаған. Ыбырай Алтынсарин, Майлықожа сынды зиялы қауым өкілдері қазақ халқының садақа дастарханында ет, бауырсақ, қымызбен қатар ұлттық тағамдардың ғана болғанын нақтылап көрсеткен» деген бас имам, форум барысында қабылданған үндеудің жамағатты жаназа намазына толыққанды қатысуға, сап тысында қалмауға және намаздан бұрын арнайы митинг жасамауға, әрі ретті-ретсіз,  сөйлемеуге шақыратынын айтты.

Мүфтият ұсынып отырған марқұмның бір жылға дейінгі садақа ас мәзірі төмендегідей.  Нан, бауырсақ, жеті нан, тары, талқан, (жарма), құрма, қант, кәмпит, печенье, өрік-мейіз, қаймақ, сары май, шай, су, ет немесе күріш.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button