Жарнама
Жаңалықтар

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫ МЕРЕКЕСІ

«Бұрындары Қазақстанның халқын көрші ұлттың атымен атап, КСРО-ның түсімен түстейтін. Қазір әлемнің қай еліне барсақ та, Қазақстан деген ел бар екендігін, қазақ деген ұлт бар екендігін танып білді. Азаматтарымыз қалаған еліне саяхаттап, әлемді аралап жүр», —  деп атап өтті облыс басшысы.

Облыс әкімінің айтуынша, тәуелсіздік жылдары Атырау облысы да үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінде өңірімізде үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында құны 1,4 трлн. теңгеге бағаланған 34 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.«Тәуелсіздігімізді тұғырлы, мемлекетімізді ғұмырлы ету – ортақ мүддеміз» деді облыс басшысы.

Одан әрі облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына зор үлесін қосқан бір топ азаматта екінші дәрежелі «Даңқ» ордені, «Парасат» ордені екінші дәрежелі «Достық» ордені, «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Бірлік алтын медалін» және Құрмет грамотасын табыстады. Марапатталғандардың ішінде мұғалімдер, дәрігерлер, кәсіпкерлер мен мәдениет саласының қызметкерлері болды. Сондай-ақ, бірнеше мемлекеттік қызметкерге және мәслихат депутаттарына облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Мерекелік салтанат одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button