ҰЛТ ЖОСПАРЫ – БІРЕГЕЙ ҚҰЖАТ
Жиын барысында Атырау облысы ішкі істер департаментінің бөлім басшысы Аршат Қорқытов заңның үстемдігін қамтамасыз ету, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Әлібек Ермекқали есеп беретін мемлекетті қалыптастыру бағытындағы ойларымен бөлісіп, Ұлт жоспарының бірегей құжат болып табылатынын атап өтті.
Еліміздің аса күрделі кезеңге аяқ басқанына тоқталған ҚКХП Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев Қазақстан Парламентінің Ұлт жоспарын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету үшін жүйелі жұмыс атқарып жатқандығын айтты. «Шағын және орта кәсіпкерлік үшін әкімшілік кедергілер жойылуда, мемлекеттік басқару, білім беру мен денсаулық сақтау салалары жетілдірілуде. Мұның барлығы мемлекетке, қоғамға, экономикамызға оң әсерін тигізеді» деді ол.
Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ.