Құлсарыда денесі отқа оранған күйі көшеде жүгірген азамат жұрттың зәресін ұшырды (видео)
Атырау облысы, Құлсары қаласындағы сауда орындарының бірінде шыққан өрт кезінде денесі отқа оранған күйі көшеде жүгірген азамат елдің зәре құтын қашырды деп хабарлайды NUR.KZ.
Instagram желісіндегі Dubsmash_kaz парақшасында жарияланған видеодан аяғы мен шашы өртеніп бара жатқан ер адамды байқауға болады. Желі қолданушылары көріністі видеоға түсіріп алған куәгерді жаппай сынның астына алған.
Өрттің ненің салдарынан шыққаны әзірге белгісіз. Tengrinews сайтының хабарлауынша, зардап шеккен ер адам аудандық ауруханаға түсті. Оның денесінің 30 пайызын күйік шалған. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бапсасөз қызметіндегілер өрттің бүгін сағат 11.00-де Құлсарыдағы базарлардың бірінде шыққанын хабарлады. Ер адам туыстарының қолында жалданып жұмыс істегеп жүрген.
Ол қоқыс төгуге барғанда тез жанғыш зат өртеніп, жалын оның үстіне көшіпті. Желіде жарияланған видеоға қатысты пікір жазғандар оның суды керосинмен шатастырып алғаны туралы болжам айтқан.