Жарнама
Мәдениет

“LOTUS FEST – 2025”: ұлттық қолөнер мен тағамдар жәрмеңкесі

Фестиваль аясында ұйымдастырылған ұлттық қолөнер және гастрономиялық жәрмеңке туристер үшін ерекше қызығушылық тудырып отыр.

 Құрманғазы ауданынан – 25, облыстың өзге аудандарынан – 10 және көршілес Ресей Федерациясынан – 3 кәсіпкер өз өнімдерін ұсынып, келушілерге ұлттық нақыштағы бұйымдар мен тағамдардың алуан түрін таныстыруда.

img 9787 1

Гастрономиялық аймақта қазақтың дәстүрлі тағамдары, кәуәп және түрлі тіске басарлар ұсынылып, фестиваль қонақтарына жергілікті дәм мәдениетін сезінуге мүмкіндік берілуде.

Бұл жәрмеңке – өңірдің туристік әлеуетін арттырып, этнотуризмді дамытуға тың серпін беретін маңызды алаң. Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлердің өнімін шетелдік қонақтарға таныстыру арқылы ішкі және сыртқы туризмнің дамуына жол ашып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button