
Жаңалықтар
«LOTUS FEST – 2025»: АЛЫП СПОРТШЫЛАР САЙЫСЫ ӨТТІ
Құрманғазы ауданының Теңіз ауылында өткен халықаралық «Lotus Fest – 2025» мәдени-туристік фестивалі аясында алыптар сайысы ұйымдастырылды. Күш пен төзімділікке негізделген бұл жарыс көрермендер үшін ерекше әсерге толы сәттердің біріне айналды.
Сайысқа 11 спортшы қатысып, 7 түрлі конкурс бойынша бақ сынады. Әр қатысушы өзінің мықтылығын дәлелдеп, ең күшті, ең шыдамды атану үшін күресті.

Жарыстың басты ерекшелігі – жеңімпаз спортшыға қыркүйек айында Алматы қаласында өтетін «Ақбидай» республикалық жарысына жолдама берілуі.