Жарнама
Мәдениет

«LOTUS FEST – 2025» АЯСЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Құрманғазы ауданы Теңіз ауылында өтіп жатқан мәдени-туристік «Lotus Fest – 2025» фестивалі аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, үздіктер анықталды. 

Көпшілікті қызықтырған жарыстарға Атырау қаласы мен Мақат, Индер, Махамбет аудандары және Құрманғазы ауданына қарасты ауылдардан келген демалушылар мен спортсүйер қауым белсенді қатысты.

img 9859
Screenshot

Қол күресіне 24 спортшы, қазақ күресінен 80 келі салмақ дәрежесінде 18 балуан, 80 келіден жоғары салмақта 10 балуан бақ сынасты. Ал садақ ату мен асық ату сайыстары да жоғары деңгейде өтті, қатысушылар дәлдік пен ептіліктің үздік үлгісін көрсете білді. Арқан тартыс жарысына да 30-ға жуық спортшыдан құралған 6 команда қатысты. Командалық рух пен күштің тартысына толы бұл жарыс көрермендер ықыласына бөленді.

Айта кету керек, жарысқа қатысушылар қатарында 43 жастағы самсо шебері Бекболат Салықов та болды. Ол – қазақ күресінен бірнеше мәрте жеңімпаз атанған ардагер спортшы, бұл жолы да ардагерлер арасынан чемпион атанды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button