Үлкенді тыңдаған – адаспайды

лкенд¦ ты да ан Ц адаспайды Білім

Облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы жастарға адами, әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі комиссия «Елсана» руханият клубымен бірлесіп, аграрлы-техникалық колледжінде оқушылармен кездесті.

__%d0%bb%d0%ba%d0%b5%d0%bd%d0%b4%c2%a6-%d1%82%d1%8b__%d0%b4%d0%b0__%d0%b0%d0%bd-%d1%86-%d0%b0%d0%b4%d0%b0%d1%81%d0%bf%d0%b0%d0%b9%d0%b4%d1%8b

Оның барысында алдымен, қонақтарға оқу орнының тыныс-тіршілігі таныстырылды.  Мұнда жастар 16 мамандық бойынша білім алуда. Ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру, жастарға патриоттық тәрбие беру – ардагерлердің басты парызы.

– Біздің мақсат – жастарман  етене араласу. Бұл ретте тек ақыл айтумен шектелмей, олардың тарапынан болатын құнды ұсыныстар мен пікірлерді де талқылаймыз. Бұл кездесу өз жемісін береді деп ойлаймын. Алдағы уақытта осындай ауқымды жобалар жалғасын табады, – дейді облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Серік Мұхамбетов.

Аймақтағы ардагерлер ұйымдары жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруде оң тәжірибе жинақтады. Олар тәуелсіздік жылдары атқарылған жұмыстарды ел тарихымен байланыстырып, арнайы орындарда кездесулер өткізіп келеді.

– Біздің негізгі байлығымыз – рухани құндылықтарымыз. Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, ұлттық мәдениетімізді дамытуға әр адам өз үлесін қосуы тиіс. Біз ел болып тұтаса, ұлт болып ұйыса түсуіміз керек.  Өз тарихымызды терең талдай отырып, оны ескеру маңызды. Жастарды қоғамымыздың гүлденуі үшін тәрбиелеу, тиімді емес жолдардан қорғау қажет, – дейді «Елсана» руханият клубының жетекшісі, профессор Бақтыбек Таубаев.

Жиын барысында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы кеңесі жанындағы  тұрғындар, жастар арасында адами, әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі  комиссиясы мен «Елсана» руханият клубының жетекшілері Меморандумға қол қойды.

Нурислам Мауленұлы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз