Атыраудан жаңа пойыз жолға шықты

prorpoproprop Жаңалықтар

Atr.kz/10 наурыз, 2020 жыл. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының  баспасөз қызметінен хабарланғанындай, биылғы сәуірдің 1-інен бастап  «Жолаушылар тасымалы» акционерлік  қоғамы «Нұр-Сұлтан-Атырау-Нұр-Сұлтан» маршруты бойынша тағы бір жолаушылар пойызын жолға шығаруды жоспарлап отыр.

Осылайша, алдымыздағы алғашқы күнінен «Тұлпар-Тальго» вагондарынан тұратын Нұр-Сұлтан-Атырау бағытына қатынайтын №19/20 жаңа жолаушылар пойыйзы өз қызметін көрсетуді бастайды. тағайындалады. Ол күнара, аптаның тақ күндерінде  Нұр-Сұлтандағы «Нұрлы жол» стансасынан жөнелтіледі.

Нақтылай кетсек, ел астанасы мен Атыраудың арасын бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түсетін жаңа жолаушылар пойызы 1 сәуір күні сағат 18.40-та (Атырау уақытымен) Нұр-Сұлтандағы вокзалдан жолға шығып, 2 сәуірде сағат 19.40-та Атырауға келеді. Сол күні бір сағаттан кейін (20.45-те) пойыз Атыраудан  астана бағыт алып, келесі, яғни 3 сәуір күні де 23.37-де соңғы нүктесіне жетеді. Әрмен қарай пойыздардың қозғалысы осы кесте бойынша жалғаса береді. Бір сөзбен айтқан, жаңа пойыз жұп күндері әрі қарай, тақ күндері бері қарай жолға шығатын болады. Жаңа теміржол рейсіне билеттің құны 14 мың теңгеден басталып, сатылу мерзіміне қарай өзгеріп отырады.

Сайып келгенде, бұл елорда мен мұнайлы астананың арасын байланыстыратын екінші жолаушылар пойызы екенін атап айтқанымыз жөн. Бір сөзбен айтқанда, енді ел астанасына күн сайын қатынау мүмкіндігі туып отыр.

Дәулетқали АРУЕВ

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrau-a%d2%9bparat-mediaholdingine-zha%d2%a3a-direktor-ta%d2%93ajyndaldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз