Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Әліпбидің екінші нұсқасы Байтұрсыновтың негіздемесіне сүйене отырып жасалды – тіл маманы

Бүгін Астанадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы дала болашағына қадам – латын әліпбиі» атты тақырыпта Қазақ тілі жаңа латын әліпбиіне көшуіне орай дөңгелек үстел өтіп, онда тіл мамандары өз ой-пікірлерін ортаға салды.

D4S_8346

Алмажан Қадырханқызы, Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамыту республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының маманы:

D4S_8396

— Бірінші нұсқа көпшілік тарапынан қолдау таппаған соң, екінші нұсқа дайындалды. Мұнда қазақ дыбысына тән әріптер дәйекшелер арқылы берілген. А.Байтұрсынов: «Қазақ тілінде дауысты а, о, ұ дыбыстарының жіңішке сыңарларын шығару үшін оларға арнайы дәйекше қоямыз», — деген. Бұл нұсқадағы дәйекше таңбасы А.Байтұрсыновтың осы сөзін негізге ала отырып дайындалды. Бұл нақты бекітілген нұсқа емес, халықтың талқылауына ұсынылған жоба екенін ескерткім келеді.

 

Рахымжан Тұрысбек, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, ф.ғ.д.:

D4S_8414

1926 жылы түркі тілдес халықтардың оқымыстылары бас қосқан. Әрбір қаріп жайлы талас болып, таңдау жасалған. Әріп таңдауды өмір сүрудің формасы, халық пен ұлт болып қалудың жағдайы, шын мәнінде тарихта қалудың жолы деп қарап, жан беріп, жан алысатындай жағдайда күрескен. А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, С. Сәдуақасов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, барлығы, әріп үшін, әріптің артындағы ұлт үшін, ұлттың жаны үшін деп әрбір әріпке жұмыс жасады. «Бір әріп – бір дыбыс» деген ұстаныммен зиялы қауым ұлтқа, азаттыққа, тәуелсіздікке жұмыс жасаған. Сол тәуелсіздіктің, еркіндіктің басым бағыты әріпке келіп тіреледі. Әріп дегеніміз – тіл, тіл дегеніміз –  ұлттың жаны. Сондықтан ұлт болашағы үшін маңызды шешім қабылданатынын естен шығармауымыз керек.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button