«ЕМБІМҰНАЙГАЗДА» – ЖАҢА БАСШЫ

«ЕмбіМұнайГаз» акционерлік қоғамының басшысы ауысты. Лауазымды орынға бұған дейін «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарып келген Махамбет Досмұхамбетов тағайындалды.
«ҚазМұнайГаз» Барлау. Өндіру» АҚ-ның баспасөз қызметі таратқан хабарға қарағанда, Жұмабек Жамауов онымен жасалған келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты аталған лауазымынан босатылған.
«ЕмбіМұнайГаз»-дың жаңа басшысы – Атырау облысының тумасы. Білімі жоғары. Ресей мемлекетіндегі Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын тәмамдаған. Ұзақ жылдар бойы мұнай саласында қызмет атқарған. Әр жылдары «МақатМұнайГаз» және «ДоссорМұнайГаз» МГӨБ-лерінде бас геолог болып еңбек еткен.

 

Өз тілшімізден.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз