Лимон мен жылы су коронавирусты емдемейді
Желіде COVID-19-ды лимон, жылы су және басқа да халықтық әдістермен емдеуге болатындығы туралы миф әлі де айтылып жүр. ДДСҰ мамандары бұл теорияларды жоққа шығарды.
Шындығында, лимон, көп су ішу, зімбір, бал және басқа да халықтық әдістер иммунитетті нығайту үшін ғана пайдалы болуы мүмкін. Оларды ЖРВИ мен тұмаудың таралу кезеңінде алдын алу шарасы ретінде қолдануға болады. Алайда, мұндай емделу жолдарының КВИ кезінде тиімді болуы екіталай.
– Адамдарға лимон, зімбір немесе бал болса, ауырған кезде оларды қосымша қолдануды ұсынамын. Бірақ COVID-19 емдей алады деп дәлелденбеген болжамдар жасауға болмайды. Қазіргі уақытта расталған терапия жоқ», – деді ДДСҰ Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан.
Бұл пайдаланушылар желіде таратып отырған коронавирустың «емі» туралы алғашқы миф емес. Бұған дейін StopFake.kz қара бұрыш, тұзды ерітінділермен тамақты шаю және жусан қайнатпалары COVID-19-ды емдемейтіні туралы жазған болатын.