ӘЛІ ДЕ ЖАСАЛАТЫН ЖҰМЫС КӨП

- Еліміз бойынша облыс әкімдерінің рейтингісінде Атыраудың аты алғашқылардың қатарында аталады. Ал, барлық мемлекеттік атқарушы органдар арасында 37-ші орында келеміз. Бірінші жартыжылдықта қол жеткізген бұл көрсеткіш әлі де көп жұмыс жасау керектігін көрсетеді, - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев аудан әкімдері мен басқарма басшыларының басын қосқан мәжілісте.

Отырыста биылғы алғашқы алты айда облыстағы шағын және орта бизнестің даму қорытындылары, индустрияландыру картасы жобаларын жүзеге асыру жағдайы мен алдағы басымдықтар, инвестициялық форумға дайындық, бюджет қаражатының игерілуі, облыстағы нысандардың күзгі-қысқы жылу беру маусымына дайындығы, берілген тапсырмалардың орындалысы мәселелері және қала, аудан әкімдерінің жұмыс есебі баяндалды. Мәжіліс қорытындысында Ғұмар Исламұлы өлкеміздегі өркенді істердің қанат жаюына ықпал ететін бірқатар ұсыныстар мен пікірлерді таразылап, тиісті тапсырмалар берді.

Б.ӘМІРЖАН.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз