
ЖаңалықтарҚоғам
Әлеуметтік көмек 1 сәуірден бастап төленуі тиіс
Atr.kz/6-наурыз. 2019 жыл. Көпбалалы отбасылар әлеуметтік көмекті 1 сәуірден бастап алуы керек. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Мемлекет басшысы әлеуметтік аз қамтылғандар мен көпбалалы отбасылар жақын арада мемлекеттің қамқорлығын сезінуі қажеттігін тапсырды.
«Көмекке аса мұқтаж табысы аз азаматтар, көпбалалы отбасылар биылғы 1 сәуірден бастап әлеуметтік көмекті алуы тиіс», – деді Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мәселелері жөніндегі кеңес барысында.
Қазақстан Президенті мемлекеттік органдар басшылары мен облыс әкімдерінің жұмысын бағалау азаматтардың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасы деңгейіне тікелей байланысты болатынын атап өтті.