«Латын – жеңімпаз пролетариат алфавиті» ме?
Латын әліпбиіне көшу – кезек күттірмейтін мәселе. Осы орайда, философия ғылымдарының докторы, мемлекет және қоғам қайраткері, газетіміздің тұрақты авторларының бірі Амангелді Айталы да өз пікірін білдірген-ді.
– Соңғы жүз жылда мемлекеттік тіл саясаты небір құбылыстарды өткерді. ХХ ғасырдың басында «орыс емес халықтар бір тілде сөйлеп-жазуы керек» деген түсінікпен халықтар жаппай кириллицаға көшірілген еді. Кейін, 1928 жылы түрік, малай тілі мен латын әліпбиіне көшу үрдісі басталып, ортаға «латын – жеңімпаз пролетариат алфавиті» деген ұран тасталды. Ал, отызыншы жылдардың соңында Кеңестер Одағында орыстандыру саясаты белең алды. Сөйтіп, «Ұлттық республикалар мен облыстарда орыс тілін міндетті түрде оқыту» қаулысы қабылданып, латын графикасы қалып қойды.
Бірақ, орыс тілі ұлттық фонетикалық ерекшеліктерді бұрмаландырып жіберді. Міне, сол мәжбүрлі түрде енгізілген кириллицадан арылудың бүгінде бір жолы – латынға қайта оралу. Осылайша, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өлгенімізді тірілтіп, өшкенімізді жаңғырту қажет. Қалай болғанда да, Ресейдегі кей саяси топтардың «қазақстандықтар орыс мәдени кеңістігінен алыстайды» деп қынжылыс білдіруі де тегін емес, – дейді ол.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ