Жарнама
ЖаңалықтарБЕЙНЕЖАЗБАЭкология

ЛАС СУ ТӨГІП ЖҮРГЕН АТЫРАУЛЫҚ КАМЕРАҒА ТҮСІП ҚАЛДЫ (+видео)

Кәріз құдығына лас су төккен 80-ге жуық көлік жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

https://www.youtube.com/watch?v=5rqJIKyk6GM

21 қаңтар күні сағат 17:07 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Темірханов көшесі бойындағы кәріз құдығына  лас су төгіп жатқан “Газ-3309-1357” маркалы автокөлігін байқап, дереу патрульдік полиция қызметкерлерін бағыттаған.

Аталған жерге дереу жеткен патрульдік полицейлер кәріз құдығына лас су төккен 1991 ж.т., көлік жүргізушісін анықтады. Тексеріс кезінде 30 жастағы жүргізушінің әкімшілік құқық бұзушылықты жасыру мақсатында көлігінің мемлекеттік белгісін оқылмайтын күйде жасырып қойғандығы белгілі болды.

Оған  қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабының 2 бөлігімен _(қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін)_  және ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабының 1 бөлігімен _(мемлекеттік тіркеу нөмері белгілері оқылмайтын немесе стандарт талаптарына сәйкес келмейтін немесе белгіленген орындардан тыс жерде орнатылғанғаны ұшын)_ әкімшілік хаттамалар  жасақталып, барлығы 107 мың 205 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, 2021 жылы кәріз құдығына заңсыз лас су төккен 80-ге жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button