Жаңалықтар
Құлқында кеткен «Қара алтын»
Облыс аумағында құны 257 млн. теңге болатын 3 мың тонна мұнай заңсыз экспортталған. Бұл туралы бүгінде белгілі болып отыр. «2013-2014 жылдары «Oм Trade Oil» ЖШС басшылары басқа тұлғалармен қылмыстық келісім жасасып, сертификаты жоқ мұнайды қабылдаған. Қылмыстық келісім жасасқан тұлғалар тергеу барысында анықталған жоқ. Кейін мұнайды мұнай өнімдерінің қоспасы ретінде рәсімдеп, Латвияға, Литва мен Украинаға заңсыз экспорттаған. Тергеу бас-аяғы 3 мың тонна мұнайдың шығарылғанын дәлелдеді. Құны 256,7 млн. теңгені құрап отыр. Атырау облысының мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі «Oм Trade Oil» ЖШС басшысына қатысты қылмыстық істі сотқа жолдап, қылмыстық топтың басқа күдіктілеріне іздеу салынғанын хабарлады.