«Күзгі бал-2022»: Күздің көркін айшықтаған мереке

screenshot 9 1 Жаңалықтар

Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен Құрманғазы мәдениет үйінде «Күзгі бал-2022» байқауы өтті. Жергілікті жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінен құралған 20 команда  сән үлгісі, бейнебаян, өнер сайысы бойынша бақтарын сынады.

screenshot 10 3

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара жастардың шығармашылық, креативті әлеуетін ашуды көздейді.  Ал, әділқазылар  алқасы күзгі балдың ерекше мерекелік көңіл-күйде өткенін айтады. Әділқазы құрамындағы «Vero modelz» модельдік агенттігінің директоры Вероника Кошманова жастардың ұлттық құндылықтарды насихаттайтын өнерлері аз екенін  атап өтті.

screenshot 11 3

Сонымен, Х.Досмұхамедов атындағы университет командасы үздік деп танылып, «Күзгі бал-2022» байқауының жеңімпазы атанды. Ал, ерекше күзгі киім үлгісін көрерменге ұсынған Атырау селолық округінің жастарынан құралған команда арнайы марапатқа ие болды.

Майра ЕРҒАЛИ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз