Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Көкпардан Қазақстан құрамасы алғашқы Азия чемпионы атанды

Аtr.kz/22 сәуір, 2019 жыл. Алматыда Ұлттық ат спортынан өтіп жатқан І Азия чемпионатының соңғы күні көкпардан Қазақстан жастар ұлттық құрамасы чемпион атанды.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мәлім еткендей, көкпардан финалда Қазақсан құрамасы мен Монғолия құрама командасы бас жүлдені өзара сарапқа салды. Топтық кезеңдерде ешкімге дес бермеген қос команда арасындағы сайыс бүгін де тартысқа толы болды. Тартысқа толы бірінші кезеңде жерлестеріміз 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ал шешуші, яғни екінші кезеңде отандастарымыз есепті 8:3-ке жеткізіп, Баян-Өлгейден келген қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтып, І Азия чемпионатының чемпионы атанды.

Жарысты жергілікті жанкүйерлермен қатар Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының ІІ халықаралық форумына келген шетелдік қонақтар да тамашалады. Осылай Елбасының тікелей тапсырмасымен жарияланған Жастар жылы аясында ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен Жастар арасындағы тұңғыш Азия чемпионатының Көкпар бойынша жеңімпазы Қазақстан құрамасы болды. Ал көкпардан үшінші орынға Өзбекстан мен Қытай құрамалары таласты. Ойынның алғашқы бөлігінде алғаш есепті қытайлық жігіттер ашты. Алайда, бірінші тайм 1:1 есебімен тең аяқталды.

Екінші кезеңде де қос команда бір-бір салымнан салып, есеп 2:2-і болып командалар тең ойын нәтижесін тіркеді. Сонымен, төрешілер жағы кос командаға қосымша уақыт белгіледі. Бұл мүмкіндікті оң пайдаланған өзбекстандық көкпаршылар бір салым салып, үлгеріп, есепті 3:2-ге жеткізді. Бұл көрсеткіш қосымша уақыттың соңына дейін өзгермегендіктен жеңіс Өзбекстан көкпаршыларының қанжығасына байланды. Естеріңізге сала кетейік, ұлттық ат спортынан өткен І Азия чемпионатында сары құрлықтың 10 елінен келген спортшылар спорттың көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы ату спортынан жүлделі орындарды өзара сарапқа салды.

Дереккөз: «Қазинформ»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button