ҚУАНЫШ КЕРНЕГЕН КҮН

Күні кеше Біріккен Ұлттар ұйымының Нью-Йорктегі бас Ассамблеясының мінберінен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақша тамылжытып сөйлегенде тыпыршып бір орында отыра алмадым. Төбем көкке жетіп, жүрегім елжіреді, көзім жасаурады. Америка қазақ үнін естіп, сөзін тыңдады. Не деген керемет, қандай қуаныш!

 

Бұрын  шетелде ұйымдастырылған жиындар ресми тілде өтетіні белгілі. Енді, міне, төрт құрлықтың басшылары мен дөкейлері отырғанда Елбасымыз қазақша төгілтті ғой. Қазақ сөзін бүкіл әлем тыңдады. Біз Мәңгілік елге осы қастерлі қазақ тілімен барамыз. Осы қадамы үшін Елбасына көп-көп рахмет! Ұлт Көшбасшысы қазақ халқының бағы үшін, болашағы үшін жасай бергей, ғұмырлы болғай!

Төлеп ТІЛЕГЕНОВ.

Халел Досмұхамедұлы атындағы сыйлықтың иегері.

Қызылқоға ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз