Жаңалықтар
ҚУАНЫШ КЕРНЕГЕН КҮН
Бұрын шетелде ұйымдастырылған жиындар ресми тілде өтетіні белгілі. Енді, міне, төрт құрлықтың басшылары мен дөкейлері отырғанда Елбасымыз қазақша төгілтті ғой. Қазақ сөзін бүкіл әлем тыңдады. Біз Мәңгілік елге осы қастерлі қазақ тілімен барамыз. Осы қадамы үшін Елбасына көп-көп рахмет! Ұлт Көшбасшысы қазақ халқының бағы үшін, болашағы үшін жасай бергей, ғұмырлы болғай!
Төлеп ТІЛЕГЕНОВ.
Халел Досмұхамедұлы атындағы сыйлықтың иегері.
Қызылқоға ауданы.