Жарнама
Жаңалықтар

«Кселл» компаниясы өзінің желісіндегі абоненттік құрылғыларды тіркеу әдістері туралы хабарлайды

«Байланыс туралы» Заңға сәйкес, абоненттер 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін өз ұялы құрылғыларын (IMEI*) тіркеуге міндетті. Kcell және Activ абоненттері ұялы байланыс құралдарын тіркеу үшін компанияның абоненттік бөліміне барып уақытын өткізбей-ақ SMS және USSD-командалары арқылы ЖСН жібере алады.

Kcell3

Ең оңай тәсіл — SMS арқылы тіркелу. Сіз 6006 қысқа нөмірінен қажетті тіркеу туралы ақпараты бар SMS аласыз. Оған жауап ретінде өз ЖСН жіберу керек. Немесе өз еркіңізбен 6006 нөміріне ЖСН нөмірін жіберуге болады. Кейін, сізге одан әрі тіркеу үшін қабылданғандығы туралы хабарлама келеді.

Екінші тәсіл — телефонда *660# USSD-командасын теріп және қоңырау шалу батырмасын басу керек. Кейін сіздің ЖСН нөмірін енгізу үшін жол ашылады және «Жөнелту» батырмасын басу керек.

Егер сіз әртүрлі мобильді операторлардан екі SIM-карталы смартфонды пайдаланатын болсаңыз, онда байланыстың әр операторында құрылғыны тіркеу керек. Kcell және Activ SIM-карталары үшін 6006 нөміріне ЖСН-мен SMS-хабарлама жолдау жарамды. Құрылғыны басқа оператормен тіркеу үшін сол операторлардың тіркеу алгоритміне сәйкес оны орындау қажет.

«Біз абоненттерімізді тіркеу процесін мүмкіндігінше жеңілдетуге тырыстық. Сондықтан біз мұны әрқайсысы үшін екі қарапайым және түсінікті тәсілмен қамтамасыз еттік. SMS немесе USSD-пәр арқылы тіркеу желінің қамтылуы кез келген жерде болуы мүмкін. Абоненттерге біздің кеңселерімізді іздеп келіп кезекке тұру қажет емес. Біз барлық Kcell және Activ абоненттеріне мүмкіндігінше мобильді құрылғыларды тіркеуге жүгінуді сұраймыз. Заңның талабы бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұялы байланыс операторлары тіркелмеген құрылғыларға байланыс қызметтерін көрсетуге құқылы емес», — деп түсіндірді «Кселл» АҚ коммуникациялар бөлімінің бастығы Наталья Ескова.

Kcell4

Қосымша ақпарат пен жиі қойылатын сұрақтарды мына жерден табуға болады.

 * IMEI дегеніміз не?

 Бұл әр ұялы телефон үшін халықаралық сәйкестендіруші және зауытта өндірілген кезде телефонға «тігілетін» барлық мобильді құрылғылар үшін жалпы қабылданған стандарт. Бұл абоненттік құрылғы коды, ол өз желісінде телефонға рұқсат беру кезінде операторға беріледі. Ол желідегі құрылғыны анықтауға және құрылғының микробағдарламасында сақталған. Әдетте, IMEI төрт жерде көрсетіледі: құрылғының өзінде (көбіне пернетақтада * #06 # теру арқылы көрсетілуі мүмкін), батарея астында, қаптамада және кепілдік картасында.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button