Жарнама
Жаңалықтар

Креативті жобалар керек

Жұмысын бастағанына көп уақыт өте қоймаған Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ауқымды істердің ұйытқысы болып отыр. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруды көздейтін кеңседе аудандық ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері қызметкерлеріне арналған семинар өтті. 

Креативті жобалар керек

Шараның негізгі мақсаты – «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің атқарып жатқан жұмысын таныстыру және жауапты тұлғаларды ақпараттық сауаттандыру, оларға құжаттармен жұмыс жасауды көрсету. Аталған кеңсенің бас менеджері Орынтай Биманова мұндай семинарлар алға қарай да ұйымдастырылатынын айтты.

– Кеңседе барлығы тоғыз адам жұмыс жасайды. Құрамында мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ғалымдар, сараптық топ мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де бар. Олардың қызметі – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жүзеге асатын жобаларды әрі қарай халыққа жеткізу. Осы арқылы еліміздің экономикалық дамуына, халықтың рухани санасының жаңғыруына ықпал ету. Қолда бар жобалардың әлеуметтік маңызы жоғары болғанымен әлі де аздық етеді. Сондықтан, барлық аудандардан да өз ұсыныстарын сұрап отырмыз, — дейді ол.

Ең бастысы, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ұлттық сананың қалыптасуы мен бұқаралық сананың өзгеруіне, тарихи рухты күшейтуге бастау болатын идеялар мен іс-әрекеттерді үйлестіру орталығы болып табылады.

Мәлике МӘЛІК.

 

Әния  ЕРМАҒАМБЕТОВА,

Атырау  өңірлік  «Рухани  жаңғыру»

жобалық  кеңсесінің  жетекшісі:    

– Біз қоғамдық пікірлерді ескере отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2030 жылға дейінгі жобаларды жоспарлайтын боламыз. Жастар қайда бара жатыр? Олар нені біледі, нені білмейді? Міне, осыларды анықтап, оларға бағыт-бағдар беруіміз қажет. Сондықтан, елінің өткен тарихын құрметтеп, бүгінгі өнеркәсіп тілін меңгерген, саналы, Отанын сүйе білетін жастарды тәрбиелеу сұранысына жауап беретін жобалар дайындалатын болады. Бұл орайда кез келген азамат келіп, өз ұсынысымен бөлісе алады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button