KPI зауыты қызметкерлерінің өтініші бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі

yuh Жаңалықтар

Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының хабарлауынша, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС  (KPI) зауыты қызметкерлерінен келіп түскен өтініштер негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

Қызметкерлер жұмыс берушінің қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, алдағы уақытта жұмыстан босататыны туралы мәлімдеген.

Тексеру барысында мемлекеттік инспекторлар өз құзыреті аясында арызданушылардың барлық дәлелдерін зерделейді. Тексеру аяқталғаннан кейін нәтижелері туралы қосымша хабарланады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз