Жарнама
Жаңалықтар

Көзқарасты өзгерткен жөн

Атырау облысы бойынша биыл қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдау
үшін 100 квота бөлінді. Оған ие болған қандастарға субсидия, тұрғын үйді жалға алу мен коммуналдық қызмет шығындарын өтеу және экономикалқ мобильділік, яғни бастапқы жарна үшін төлем түріндегі материалдық көмек сертификаты беріледі. Бұл шаралар қоныс аударушылардың тұрмыс жағдайын жақсартып, өңірдің дамуына оң ықлал етпек.

Қабылданған шешімдер көші-қонды ынталандырып, баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Тұрғын үй сатып алу немесе салу ушін көрсетілетін 50 пайыздық көмек пен көші-қон шығынын өтеу бағдарламасы қандастар үшін аса маңызды, өйткені бұл – олардың әлеуметтік жағынан зор көмек. Атырау өңірінде этникалық қазақтар санының артуына, олардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына және өңірдің дамуына мұның оң әсері мол.
Қандастарға «Ата жолы» картасы арқылы Қазақстанда өмір сүру және жұмыс істеу мүмкіндіктерінің ұсынылуы да өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Бағдарлама атамекеннің дамуына үлес қосқысы келетін және ел экономикасына пайда әкелетін этникалық қазақтар үшін жақсы мүмкіндіктер туғызады.
Қазір кейбіреулер Тарбағатай мен Алтай өңіріндегі қазақтарды «қашып кеткен» немесе «оралман» деп атап жүр. Бұл көзқарас өзінен терең түсіністік пен тарихты дұрыс зерделеуді талап етеді. Біз өз жеріміздің тарихын толық білуіміз керек. Аталған аймақтар біз үшін бөтен емес, бір деуірде ата-бабамыздың қаны тамып, тері сіңген қасиетті мекендер. Сондықтан Тарбағатай мен Алтайдағы қазақтарды олай кемсіту адамгершілікке жатпайтын, біржақты пікір екеніне сенім кәміл.

Әлия ТАЗАБЕКОВА,
«Жібек жолы-бауырластар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button