Жарнама
Жаңалықтар

КӨШБАСШЫ ӘЙЕЛДЕР МЕКТЕБІ – ХИУАЗ БАТЫР АТЫНДА

 

Кездесуді жүргізген Атырау қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира Шәкірованың айтуынша, конференцияның басты мақсаты жыл соңында Атырау қаласы бойынша түрлі қызмет саласында жүрген белсенді әйелдерді жинау арқылы олардың арасынан жаңа саяси элитаны қалыптастыру болды.

Қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы, Атырау қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнін-дегі комиссия төрайымының орынбасары Гүлбаршын Мендақұлова «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік  стратегиясына» сәйкес облыс орталығында соңғы жылдары атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Қазақстанның іскер әйелдері Ассоциациясы Атырау облысы филиалының төрайымы, Атырау бизнес және құқық колледжінің директоры Нұрлы Әйтиева биыл 20 жылдығын атап өткен қауымдастықтың жұмысы туралы баяндады.

Шара соңында әйелдердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында қажырлы еңбек еткен бір топ іскер әйелге қала әкімінің атынан Алғыс хат табысталды.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button