Көш бастаған кәсіпкерлер өңір экономикасының дамуына зор үлес қосуда

 Ел бойынша қолға алынған индустрияландыру бағдарламасы, жергілікті атқарушы биліктің кәсіпкерлікті қолдауы жаңа жобалардың жүйелі жүзеге асуына оң серпін берді. Соның нәтижесінде, өңірде бұрын-соңды қолға алынбаған тың өнімдерді шығаратын бірнеше кәсіпорын пайда болып, жұмыс орындары ашылды. Өңірлік коммуникациялар қызметі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры бірлесіп ұйымдастырған баспасөз туры барысында бұл жайға қаныға түстік.

  Баламасы жоқ кәсіпорын

 Электротехникалық құрылғыларды жасаушы «Kazelektrym» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – республиканың батыс өңіріндегі әзірге баламасы жоқ кәсіпорын. Мұнда жылына 250-300 дана кешенді трансформатор подстансалары дайындалады. Кәсіпорынның өндірістік базасында болғанымызда осы күрделі қондырғылардың қалай құрастырылып жатқанын көзбен көрдік. Аймақтың бетке ұстары болып отырған осы жоба қалай жүзеге асырылды? Компанияның бас директоры Серік Әбілдаевтың айтуынша, қаржылық қолдау «Даму» қорының қаржысынан «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жасалған. Қалайша? Мәселен, екінші деңгейдегі банк жылына 14 пайыздық сыйақымен 45 млн. теңге ұсынған-ды. Оның он пайызын субсидиялауды мемлекет мойнына алды. «Даму» қоры 20,3 млн. теңгеге кепілдік берді. Сонда кәсіпкерге не қалды? Тек ісін ілгері бастырып, шаруасын дөңгеленту ғана.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз