Атырауда Тілдер мерекесі кеңінен тойланды (ФОТО)

ANU 4948 Білім

22 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай осындай тақырыппен облыстық фестиваль өтті. Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма мен «Төртінші билік» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шара барысында тіл жанашырлары марапатталды.

ANU_4948

Өңірімізде өмір сүріп жатқан сан түрлі ұлт өкілдері қатысып, сан-алуан тілде ән шырқалып, ұлттық билер орындалған мерекелік шарада аталған басқарма басшысы Әсия Қыстаубаева сөз сөйлеп, қатысушыларды мерекемен құттықтады.

ANU_4951

– Жалпы, қыркүйек айы елімізде тіл айы болып табылады. Олай дейтінім, осы айдың 22-сі күні тіл туралы арнайы заң қабылданып, қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алды. «Тіл – ұлттың жаны дейміз». Көп ұлтты елімізде әр ұлттың тіліне құрметпен қарайды. Және тілдерді дамытуға барлық жағдай жасалған. Сондықтан, жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан бұл шараның маңызы жоғары.

ANU_4963

Елімізде латын графикасының бірыңғай стандарты ұсынылды. Аталмыш қадам қоғамдық сананы жаңғыртудың аса маңызды тетігі ретінде қарастырылуда, – деді ол.

ANU_4988

Сөз соңында Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Құрмет грамотасымен тарих ғылымдарының докторы, профессор Аққали Ахметті құттықтаса өзге де бір топ азаматқа облыс әкімінің Алғыс хатын табыстады. Олардың қатарында мұнайшы, мұғалім, басқа да саланың мамандары бар.

ANU_5024

Сондай-ақ, Тіл мерекесіне орай Жайық жағалауында жас өнерпаздардың түрлі ұлттық әндерін орындаудан салтанатты шеру мен Тұрғындар қалашығындағы саябақта «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы…» атты әдеби оқулар өтті.

ANU_5027

ANU_5070

ANU_5293

ANU_5335

ANU_5389

ANU_5416

ANU_5395

Мәлике МӘЛІК

Суретті түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз