COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Короновирустан амбулаториялық жағдайда ем алып жатқандарға тегін дәрі-дәрмек берілуде
Atr.kz/7 тамыз, 2020 жыл. Короновирустың симптомды түрімен ауырған науқастарға ғана тегін дәрілер мен дәрумендер беріледі, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
№3 Атырау қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Клара Жасақбаеваның айтуынша, емхананың үйге барып қызмет көрсететін күндізгі стационар қызметі арқылы короновирустың симптомды түрімен ауырып жатқан науқастарға дәрі-дәрмектер жеткізіледі.
«Оның ішінде антибиотиктер, «С» дәрумендері бар. Ал, короновирустың симптомсыз түрімен ауырғандарға дәрі берілмейді. Олар дәрігер бақылауында болады. Емханаға бұрын күніне 50-60 адам короновируспен тіркелген болса, соңғы тәулікте 18 адамды құрады»- дейді Клара Жасақбаева.