118214085 1029454550822544 2797752228484661027 n

Короновируспен ауырған науқастарға оңалту орталықтары қызмет көрсетпек

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Atr.kz/24 тамыз, 2020 жыл. Атырауда короновируспен ауырған науқастарға оңалту орталықтары қызмет көрсетедіАтырау облысында короновирус инфекциясымен ауырған науқастарды оңалту орталықтары ашылады.

Орталықта науқастарға физиотерапия, массаж, тыныс алу гимнастикасы секілді ем шаралары жүргізілетін болады,- деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, оңалту орталығы – Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып жатқан жоба. Оңалту орталығы қала аумағымен қоса аудан жұртшылығы үшін де қызмет көрсетеді. Қазіргі кезде дене-шынықтыру спорт залдарына ем-домға қажетті жабдықтар әкелінуде.

  • «Бағдарлама мақсаты – короновирус инфекциясы мен пневмония ауруына шалдыққан науқастарды оңалту. Бүгінгі күні Атырауда бес мыңға жуық науқас оңалту емдеу шарасын қажет етеді. Бұл мәлімет алға қарай да өзгеріп тұрады. Тұрғындар жергілікті емхана дәрігерлерінің жолдамалары арқылы орталықтың қызметіне ақысыз негізде жүгіне алады. Оңалту орталығында реабилитолог, психолог мамандарымен қоса медбикелер, спорттық кәсіби жаттықтырушылар қызмет етеді», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Оралыққа келудің де өзіндік тәртібі бар. №3 Атырау қалалық емханасының бас дәрігері Айман Өтегенова бізге берген сұхбатында науқастың ауруының күрделілігіне қарай жаттығулар маман кеңесі арқылы тағайындалатынын айтты. Себебі, инфекциялық аурулардан кейін ағза қалпына келуі үшін біраз уақыт керек. Соның ішінде короновирус инфекциясын жұқтырған созылмалы ауруы бар науқастардың ем-домы өзіндік тәртіппен жүреді. Өйткені, кейбір жаттығулардың науқас ағзасына кері әсер ететін тұстарын да ескерген жөн.

  • «Стационарлық жағдайда емделу аяқталғаннан кейін сауыққан адамдар орталықта оңалтылуы қажет. Біріншіден инфекциядан қабынған өкпені дәрі-дәрмексіз қалпына келтіру үшін тыныс алу жаттығулары өтеді. Жаттығулар күн суытқанға дейін ашық алаңқайларда жасалады. Кейіннен спорт залдардың ішінде жүргізіледі. Ағза оңалуы үшін кем дегенде, 7-14 күн кешенді ем алу керек» – дейді №3 Атырау қалалық емханасының бас дәрігері Айман Өтегенова.

Атырау қаласы бойынша бекітілген алты дене-шынықтыру спорт залдарының әрқайсысында жеке-жеке спорт нұсқаушысы бар.

  • «Спорт нұсқаушылары дәрігерлермен келісілген жаттығуларды көрсетеді. Бір топта 15 адамға дейін жаттыға алады. Оңалту жаттығуының уақыты – 15-20 минут. Спорт залдарға ыңғайлы спорт киімдерімен келгені абзал», – дейді Атырау қалалық бұқаралық спортты дамыту спорт клубының директоры Алмас Имашев.

Атырау қаласы бойынша емханалармен бірлескен оңалту шаралары өтетін дене-шынықтыру спорт кешендері:

  • «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешені: №3, №7 Атырау қалалық емханалары;
  • «Ривьера» дене шынықтыру-сауықтыру кешені: №1, №5 Атырау қалалық емханалары;
  • «Мұнайшы» стадионы: №2 Атырау қалалық емханасы;
  • «Томарлы» стадионы: Атырау қалалық Геолог емханасы, «Сәлімжан и К» ЖШС емханасы;
  • «Судоремонтник» стадионы: №4 Атырау қалалық емханасы; Дамбы, Еркінқала дәрігерлік амбулаториясы;
  • «Нұрсая» дене шынықтыру-сауықтыру кешені: «Ақтөбе Транзит Экспедейшн» клиникасы;

«Atr.kz»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған