COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Коронавирустан қайтыс болғандарды кез келген зиратта жерлеуге рұқсат етілді
Atr.kz/30 маусым, 2020 жыл. Жаңа министр осындай бір ұсынысты алға тартып, оны қолданысқа енгізді.
COVID-19 індетінен көз жұмғандарды жерлеу тәртібі өзгертілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
— Коронавирустан қайтыс болған науқастарды жерлеу тәртібіне өзгеріс енгізілді. Енді марқұмды санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық нормаларды қатаң сақтай отырып, кез-келген зиратта жерлеуге рұқсат етіледі, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі ОКҚ-да өткен брифингте.
«zakon.kz«