Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Коронавирустан айыққан американдық қазақстандықтарға маңызды кеңес берді

Atr.kz/30 наурыз, 2020 жыл. COVID-19 коронавирусына шалдығып, емделіп шыққан америкалық қазақстандықтарға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

АҚШ-та 140 мың адам инфекция жұқтырды. Нью-Йорктің науқастарға толы ауруханалары барлығын орналастыра алмай жатыр. Көптеген адамдар дәрігерлердің нұсқауымен аурумен үйде оқшауланып күресіп жатыр. Нью-Йорк тұрғыны Марисса Котэ солардың бірі. Әйел ауру белгілері ерекше болмағандықтан COVID-19-ға тапсырған тесті оң нәтиже береді деп күтпеген. Жөтелмеген және тыныс алуы нашарламаған. Марисса бір аптадан кейін өзін жақсы сезіне бастаған, бірақ толықтай сауығып кеткенше үйде оқшауланған. Марисса Котэ үйде қалу керектігін атап өтті.

«Мен қазақстандықтарға мынадай кеңес бергім келеді – көңілді болып жүру аса маңызды. Сұйықтық көп ішіңіздер, дәрумендер мен дәрігерлер жазып берген дәрі-дәрмектерді іше беріңіздер. Үйді толықтай – барлық заттарды дезинфекциялау қажет. Белгілі болғандай, көптеген адамдар жазылып келе жатыр», — деді ол.

http://atr.kz/bez-rubriki/t%d3%a9tenshe-zha%d2%93dajda-ekonomikany-%d2%9boldau%d2%93a-1-trillionnan-astam-%d2%9barzhy-%d2%9baral%d2%93an/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button