«Коронавирусқа қарсы» деп жазылған бұрынғы дәрі-дәрмектердің «құпиясы» ашылды (+ВИДЕО)

200329172328580e COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/29 наурыз, 2020 жыл. Қазір ғаламторда «коронавирус бұрын да болған, қорқатын ештеңесі жоқ» деген сыңайлы қауесеттер жарықтың жылдамдығымен таралуда. Осы орайда, еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «коронавирустан қорықпай, жұмысқа, көшеге шығыңыздар» деп айту – іріткі салу екенін ескертті.

Расымен де, адамдар көп жыл бұрынғы «коронавирусқа қарсы» деген жазуы бар препараттарды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратып жатқанына өзіміз де куәміз.

«Қазір коронавирус ешқандай жаңа ауру емес, ол 1965 жылы анықталған және адамдардың 70%-ында оған қарсы иммунитет бар деген ақпарат таралуда. Бұл жерде ескеретін мәселе бар. Дәрігерлер мен мамандар мені толықтырады деп ойлаймын. Коронавирус – ол вирус тұқымдасы. Оған 40-тан астам вирус кіреді. Атипиялық пневмония – бұл да коронавирус. Таяу шығыс респираторлық синдром – ол да коронавирустың бір түрі.

Шынында, 1965 жылы осындай вирустың алғашқы түрі табылған. Бірақ, ол COVID-19 емес. Сондықтан, қазір коронавирустан қорықпай, жұмысқа, көшеге шығыңыздар деп айту – іріткі салу. Адамдарда COVID-19 вирусына қарсы ешқандай иммунитет жоқ. Санитарлық талаптарды сақтап, үйде отыру керек», – Дәурен Абаев Хабар24 арнасында өткен онлайн брифингте.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/shұғyl-nұrsaya-tұlpar-yқshamaudandarynda-dezinfektsiya-zhasalady/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз