Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Коронавирус жағдайында Атырауда стационарлар қалай жұмыс жасап жатқаны белгілі болды

Atr.kz/28 наурыз, 2020 жыл. Атырауда стационардың үш түрі жұмыс істеп жатыр.

Біріншісі, инфекциялық стационар . Яғни, бұл  Covid-19 жұқтырған және олармен  байланысушылар  орналастырылған аймақ . Аталмыш стационарға  130 орындық облыстық №2 ауруханасы қосылған.

Екіншісі, провизорлық орталық. Онда  індетті жұқтырушымен  байланыста болғандар орналастырғын. Олар   Атырау облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне жатқызылады, мұнда 100 орын бар. Жалпы облыста 280 орындық стационарлық  орталық дайындалған.

Үшіншісі, карантиндік стационарлар. Бұл сатыға    білім беру ұйымдарындағы жатақханалар мен басқа да жатақханалар кіреді. Мұнда барлығы 1910 орын  дайындалған.

Еске сала кетелік, қазіргі таңда елімізде аталмыш вирусты 204 адам жұқтырды. Атырау облысында аталмыш дертке шалдыққан 4 адам тіркелді. Бұған дейін 13 қазақстандықтың вирусты жеңіп шыққанын хабарлаған болатынбыз.

БІЗ БІРГЕМІЗ!

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauly%d2%9b-k%d3%99sipker-zhedel-zh%d3%99rdem-d%d3%99rigerlerine-t%d2%afski-as-berdi/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button